Николайдың сөзінше, өрт аяқасты шыққан. «Таңертең ұйқыдан тұрған соң, әдеттегідей малдың жем-шөбін беруге сыртқа шыққанбыз. Артынан таңғы асымызды ішіп, жұмысқа шығамыз деп ойладық. Бір уақытта ағам «өрт шықты» деп жүгіріп келді. Қарасақ, үйдің біреуі өртеніп жатыр. Біз өшірмек болғанымызша, өрт келесі үйге көшті. Сөйтіп, жарты сағат ішінде үй түгелімен жанып кетті.
Өрт сөндірушілер келіп, екі сағатқа жуық арпалысып, әзер өшірді. Меніңше, өрт тоқтан шыққан секілді. Әзірге мамандардың қорытындысын күтіп отырмыз. Қазір үлкен ағам мен қарындасым және өзім отбасыммен баспанасыз қалдық. Әрқайсымызда екі баладан бар, ең кішкентайы – 10 айлық», - дейді Николай Терентьев.