Елор­да – тәуел­сіздігіміздің темірқазығы

Елор­да – тәуел­сіздігіміздің темірқазығы

1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақ­мола қаласы ресми түрде ел аста­насы мәртебесіне ие болды. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Пре­зиденті, Үкімет пен Парла­мент­тің басшылары Қазақстан астанасы туралы ел халқына жолданған үн­деуге қол қойды. Ал жаңа аста­на­ның ресми тұсаукесер тойы 1998 жыл­ғы 10 маусымға белгіленді. Сөйтіп, Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл жаңалық барша қазақ халқына болашаққа деген  үміт отын тұтатты.

Егемендік алып, ел болып ең­се­мізді тіктей бастаған сәт­тен ел аста­насын Алматыдан Ақ­мо­лаға кө­шіру мәселесі көтеріле бас­та­ды. Алғашқыда астананы жаңа орын­ға көшіру туралы Президент ойын қолдағандар аз болды деп жа­зады ака­демик, Мемлекет және қо­ғам қай­раткері Кенжеғали Саға­диев. «Сол уақытта Прези­дент бас­­­­­­шы­лы­ғы­мен жұмыс істеген Мем­лекеттік кеңес­тің 1993 жылғы ке­зекті бір оты­рысы әлі есімде. Құ­ра­мында Са­лық Зиманов, Шерхан Мұртаза, Иван Щеголихин, Жа­бай­хан Әб­ділдин, Манаш Қозыбаев сын­ды бас­қа да ел ағалары мен қай­­рат­кер­лер бар Кеңес күн тәр­ті­біндегі мә­се­лелерді қарап, шешім қа­­былдап, та­рауға айналғанда Нұр­сұл­тан Әбішұлы басқаларға рах­метін ай­тып, бізден – Кеңес мү­ше­лерінен та­ғы бір мәселе жөнінде пі­кір ал­масу үшін кідіре тұруды өтін­ді. Біз орын­дарымызға қайта жай­ғасқанда Нұрсұлтан Әбішұлы: «Ас­тананы Алма­тыдан ел ортасына – Ақмолаға ауыс­тыру керек деген ойым бар. Егемен еліміздің болашақ дамуын жаңа астанадан бастасақ дей­мін. Сіздер бұған қалай қарай­сыз­дар» деп сұрады. Біз, кеңес мү­ше­лері, бұ­рын ойға келмеген, ба­рынша тың, елді елең еткізетін осын­дай соны пікірге: «Ақмоланың ауа­сы жақ­сы, бірақ ойлану керек» де­ген мар­дымсыз бір-екі сөзден ар­тық ештеңе айта алмадық.

Осылай десек те, мынау алай-тү­лей басталған жаңа за­манда, елімізде бір жарым жыл­дай жүріп жат­қан нарық эко­но­ми­ка­сы оң н­әтиже бермей, керісінше, эко­­номиканы тығырыққа тіреп, ха­лық тұрмысы күрт төмендеген тұс­та, қалта бос, қаржы тапшы кез­де мұндай ауқымды жобаны іске асыру мүмкін емес қой. Алматы сияқ­ты жылы орнымыздан басқа жер­ге көшу бұл бір орны жоқ қиял емес пе деген күдік те ойымызда тұр­ды. Көп ұзамай бұл соны жаңа­лық халыққа тарады. Ел ішінде, бас­пасөз беттерінде, депутаттар ара­сында, әртүрлі басқосуларда ас­тана туралы қызу пікірталас бас­талды. Мұндай пікірталастар көпке дейін, 1997 жылдың қысында ас­та­на Алматыдан Ақмолаға көшкенге дейін жалғасты», – дейді өз есте­лі­гін­де академик К.Сағадиев.

Кеше ғана Тәуелсіздік күн кеш­кен халық Астананы Ар­қаға көшіреміз дегенге илана қой­мағаны рас. Бұл идея тіпті орын­далмас армандай көрінді. Ел­ба­сы Ақмола қаласының тәуелсіз мем­лекетіміздің астанасы болып таң­далуына 32 негізгі өлшемді көр­сетіп, депутаттар алдында тарихи баян­дама жасады. Ең маңызды се­бептерінің арасында: әлеуметтік-эко­номикалық, экологиялық, гео­саяси, саяси-экономикалық, көлік инф­рақұрылымы, инженерлік-ком­муникациялық, құрылыс, еңбек ре­сурстары, т.б. мүмкіндіктер бар еді. Осылайша 1994 жылғы 6 шіл­де­де Қазақстан Республикасының Жо­ғарғы Кеңесі «Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Президенті Н.Назарбаев­тың мемлекет астанасын Ақмола қа­ласына ауыстыру туралы ұсыны­сы­на келісім берілсін» деген шешім қа­былдады. Бұл ел тарихындағы ай­тулы оқиғалардың бірі бола­тын.

Ел астанасын ауыстыруға жо­ға­рыда аталған себептерден бө­лек қандай жағдайлар түрткі бол­ғаны туралы Елбасы өзінің «Тәуел­­сіздік дәуірі» кітабында: «Қа­зақ­станның жаңа астанасының жо­басы кездейсоқ пайда болған жоқ. Тәуелсіздік алған күннен бас­тап жаңа жағдай, сол жағдай ерек­шеліктерін көлденең тартқан мүл­де басқа мемлекеттік ахуал қалып­тас­ты. Қазіргі уақыттың шындығы мен бірқатар геостратегиялық фак­­торлар бізді өз геосаяси кеңіс­ті­гі­мізді қайтадан қалыптастыру про­цесіне жаңа көзқараспен қарау­ға мәжбүрледі» деп жазды.

Ақмоланы астана ету туралы Қазақстан Республикасы Жо­ғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 6 шіл­де күні қабылданған шешімінен кейін Елордада құрылыс жұмыс­тары қызу басталып кетті. 1996 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Үкіметі «Қа­зақстан Республикасының аста­насын көшіру туралы» тарихи қау­лы қабылдады. Бір жылдан кейін Ал 1997 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті «Ақмола қаласын Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның астанасы деп жариялау тура­лы» Жарлыққа қол қойды. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақ­мола қаласы ресми түрде ел аста­насы мәртебесіне ие болды. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Пре­зиденті, Үкімет пен Парла­мент­тің басшылары Қазақстан астанасы туралы ел халқына жолданған үн­деуге қол қойды. Ал жаңа аста­на­ның ресми тұсаукесер тойы 1998 жыл­ғы 10 маусымға белгіленді.

Дәл осы тұста археолог Ке­мел Ақышев Нұра мен Есіл өзендірінің тармақтарына үлкен зерттеулер жүргізуді бастаған бо­латын. 1998 жылы Мемлекет бас­шы­сы Н.Назарбаевтың тапсыр­ма­сы­мен Есіл археологиялық экс­пе­дициясы құрылды. Оған К.Ақышев жетекшілік етті. Осылайша қираған қалашық орнында қазба жұмыс­тары басталып кетті. Астана қаласы маңы­нан тарихы VIII ғасырдан бас­тау алатын, XVI-XVII ғасырларға дейін ежелгі Бозоқ қаласы орны­ның табылуы таңғажайып оқиға болды. Бас қаламыздың тарихы со­нау Дешті-Қыпшақ кезеңінде дәуір­леген Бозоқ қаласынан бас­талатыны дәлелденді.

Бүгінде Батыс пен Шығыс өр­ке­ниетінің алтын көпіріне айналған шаһар әлемдегі ең сәу­лет­ті қалалардың біріне айналды. Ас­та­на сонау 1999 жылы-ақ ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атанған болатын. Бұл марапат аз ғана уақыт ішінде әлеуметтік-эко­но­микалық, саяси және мәдени даму саласында ауыз толтырып ай­тарлықтай жетістікке жеткен әлем­нің жас қалаларына беріледі. Сон­дай-ақ Елорда 2000 жылдан бас­тап астаналар мен ірі қала­лар­дың халықаралық ассамблеясының мүшесі болды. Осылайша айналасы бірнеше жылдың ішінде Астана сая­си, экономикалық және мәдени ор­талық қана емес, халықаралық мә­селелерді талқылайтын диалог алаңына, сондай-ақ дипломатия­ның, бітімгершілік пен халықара­лық дамудың басты алаңына ай­налды. Бүгінде Елорда Еуразия кеңіс­тігінде халықаралық форум­дар мен конгрестер өтетін орталық­қа айналды. Мәселен, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съез­дері, Астана экономикалық фо­румы, ЕҚЫҰ-ның саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық сам­мит­тері өткізілді. 2011 жылы VII Қыс­қы Азия ойындарының қаты­су­шылары мен қонақтарын қабыл­даса, 2017 жылы EХРО-2017 халық­ара­лық көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Елбасы Н.Назарбаев 2005 жы­лы жарыққа шыққан «Еура­зия жүрегінде» атты еңбегінде: «Қа­лалардың да адамдар сияқты өз тағ­дыры болады. Олардың әрқай­сысының өз аты, қайталанбас өмір­баяны, дүниеде ешбір жерге ұқса­майтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар. Адамдар сияқты олар да өз тағдырларымен дарала­на­ды. Біреулеріне «мәңгі қала» не­ме­се «әлем астанасы» бақыты бұйыр­­са, енді бір қалалардың маң­дайына өркениеттен тысқары жетімдік күн кешу, енді біріне жер бетінен құрып кету жазылған. Бү­гінгі Астана мен келешек Астана – бұл біздің стратегиялық ойларымыз мен ұмтылыстарымыздың ең басты жемісі» деп жазды.

Елбасы идеясымен іргесі қа­ланған Елорда аз ғана уақыт ішінде Тәуелсіздік символына айна­лып, жалпыұлттық идея мәртебе­сіне ие болды. Тәуелсіз Қазақстан мен бейбіт заманды бейнелейтін астана бүгінде барша қазақтың көз қуанышына, мақтанышына айна­лып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев Елор­да­ның 20 жылдық мерей­тойы­на арналған сөзінде: «Еура­зия­ның қақ ортасында салынған жаңа астананың модернизациялық мис­сиясы мол. Мұнда жаңа кеңістік, жаңа координаттар жүйесі, жаңа уа­қыт пайда болды. Бұл жалпы жаңару мен жаңа тәртіптің пайда болуына серпін береді. Бүгінде әлем­ге оппозиция қажет емес, үй­ле­сім, даму және ынтымақтастық. Сон­дықтан елордалық шығаратын із­гілік пен қазақстандық құн­ды­лықтардың нұры бүкіл планетаға тарайды және ризашылыққа ие болады», – деп атап өтті. Ұлт мақтанышына айналған елор­да – ел тарихындағы ай­ту­лы жетістіктердің бірі, Тәуел­сіздігіміздің Темірқазығы. Азат­ты­ғымыздың алтын тәжіне айналған Елорданың саяси келбеті өзге мем­лекеттерге жарқын үлгі болатыны анық.