Өмірі мен денсаулығын сақтандырмағандарды елден шығармау ұсынылды
Өмірі мен денсаулығын сақтандырмағандарды елден шығармау ұсынылды
215
оқылды
Жогорку Кенеш депутаты Экмат Байбакпаев "Қырғыз Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы" заң жобасын талқылауға ұсынды. Құжатта елден уақытша шығатын азаматтар өмірін немесе денсаулығын сақтандыруы міндетті екені айтылған.
"Қырғыз Республикасының азаматтары өмірі мен денсаулығын сақтандыру жөніндегі келісімге отырып, оны тексеру-бақылау пунктерінде көрсетуге міндетті. Құзырлы мемлекеттік органдар өмірі мен денсаулығын сақтандырған азаматтарды ғана шекарадан жіберуге міндетті", — делінген заң жобасында.
Сақтандыру полисі жоқ азаматтарды Қырғызстаннан шығармайды. Депутаттың айтуынша, жоба мақсаты — мемлекет бюджетіне түсетін салмақты азайту. Мемлекеттік көші-қон қызметінің мәліметінше, 2019 жылы "200-жүкті" тасуға бюджеттен 14,4 млн сом бөлінген. Ресми емес мәлімет бойынша, бір миллионға жуық қырғызстандық еңбек миграциясында жүр. Олардың дені Ресейде жұмыс істейді.