Жақында Қытайда ажырасуға арыз берген ерлі-зайыптылардың түбегейлі шешім қабылдауына 30 күн беретін заң қабылданды. Соның арқасында оларда ажырасу 70 пайызға азайыпты. Ал біздің елдегі ерлі-зайыптыларға ойланып, отбасын сақтап қалуына 6 ай беріледі. Бірақ осыдан шаңырағы шайқалмай, берекелі отбасы ретінде сақталғаны бар ма? Ол жағы белгісіз...
Заңгерлер кеңесінің мәліметінше, осы заңның арқасында ажыраспақ болған ерлі-зайыптының 30 пайызы қайта табысқан.Ал Елубай Ыдырысов ерлі-зайыптының отбасын сақтап қалуына сот уақыт қана беретінін жеткізді. «Негізі заң бойынша 6 ай берілуі тиіс. Алайда соттың ешбірі ондайға бармайды. Ажырасамын деген ерлі-зайыптыларға көбіне бір ай, ары кетсе екі ай ғана уақыт береді. Сот ісінде үш айдың өзі сирек кездеседі. Олардың ойынша, үш айдың ішінде татуласпаған адам, 6 айда да татуласпайды. Сондықтан ажырасып жатқандар өте көп» дейді ол.– Қолда нақты статистика жоқ. Сондықтан кесіп-пішіп бірдеңе айту қиын. Осы заңның арқасында ажырасу түбегейлі жойылмаса да, аз да болса азайған. Өйткені арасында кейбірі арызды ажырасу үшін емес, қорқытып алуға да берген. Оның үстіне, ажырасуға берген кезде ерлі-зайыптылар алдын ала судья мен психолог қабылдайды. Әрине, ол оң нәтижесін береді, – деді заңгер Ержан Болатбек.
Заңгер Мәулен Спанқұлов та ерлі-зайыптының татуласуына 6 ай бергенімен, көбісі оған жеткізбей ажырасатынын айтты.– Ерлі-зайыптының ажырасуына бір емес, бірнеше фактор әсер етеді. Сол үшін екі жақ та отбасын сақтап қалуға мүдделі болу керек. Мысалы, ер-азамат өзінің алғашқы кездегі сезімін оятып, қадам жасауы керек. Ал келіншек оған мүмкіндік беруі тиіс. Оның үстіне, ажырасуға арызданған ерлі-зайыптылардың көбі сот үстінде бір-біріне көңілі суып, жек көріп, көрместей болып тұрады. Міне, осындайлармен арнайы ұйым жұмыс істесе, ажырасу процесінде де өзгеріс болар еді. Біз де ондай жоқ. Өз тәжірибемде, бір ғана ерлі-зайыпты шаңырағын сақтап қалған. Онда да ортақ мүліктерін өзара бөліп алу үшін сотта ажыраспайтынын айтқан, – дейді Елубай Ыдырысов.
«Ажырасу – ерлі-зайыптының құқықтық қатынастарының тоқтауы. Оған себеп көбіне ерлі-зайыптының бір-бірімен тұра алмауы, тіл табыса алмауы және қол көтеруі. Оған қоса, ерлі-зайыпты сот қана емес, АХАЖ арқылы да ажыраса алады. Егер ерлі-зайыптының 18 жастан асқан балалары және мүлікке шағымдары болмаса, АХАЖ олардың арызын қабылдайды. Сонымен қатар ерлі-зайыптының бірі жоғалып, хабарсыз кетсе, әрекетке қабілетсіз деп танылса немесе қылмысы үшін үш жылға сотталса, АХАЖ арқылы бір жақты ажырасуы мүмкін. Ескеретін нәсе, ер адам дүниеге келген сәбиінің алғашқы жылында немесе әйелінің жүктілігі кезінде оның келісімінсіз ажыраса алмайды» - дейді заңгер Мәулен Спанқұлов.