Жер телімдерін терең ор қазып, қоршап алғандардың жерін мәжбүрлеп мемлекетке қайтармақ
Жер телімдерін терең ор қазып, қоршап алғандардың жерін мәжбүрлеп мемлекетке қайтармақ
295
оқылды

Түркістан облысында жер телімінің шекарасын ор қазып, қоршаған жалпы аумағы 41 876,5 гектар 139 жер телімі анықталды.

Әкімдіктің мәліметінше, жерді пайдаланушылар Жер кодексінің 140-бабының талаптарын бұзып отыр. Яғни, жердің құнарлы қабатын бұзып, сыдырып алып, қоршаған ортаға зиян келтіруде. Оларға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 337-бабына сәйкес, қоршаған ортаға келтірген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салынып, жерлерін сот арқылы мәжбүрлеп, мемлекетке қайтарылады. Қазылған ор қайтадан бекітіліп, қалпына келтіріледі.

Бұған дейін экологтар оңтүстікте жер телімдерін айналдыра қазылған траншеяларда жабайы аңдар мен ауыл халқының төрт түлігі қырылып жатқанын айтып, дабыл қаққан еді.