Әлеуметтік осал топ үшін жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау қашан басталады?
Әлеуметтік осал топ үшін жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау қашан басталады?
872
оқылды

Нұр-Сұлтан тұрғын үй орталығы "Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары" үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау туралы мәлімдеме жасады.

Ай сайынғы жалдау ақысы – 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейін. Аталған тұрғын үйді берген кезде ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады. Әр 5 жыл сайын жалдау шартын қайта жасауға болады. Пәтерлер отбасы құрамына байланысты квадратураға бөлінеді. Құжаттар 2021 жылдың 1-8 маусым аралығында қабылданады. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді алғаннан кейін азамат тұрғын үй кезегінен шығарылады. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына кімдер жатады:
  • жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
  • кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
  • жасына байланысты зейнеткерлер;
  • жетім балалар;
  • қандас;
  • экологиялық зілзалалар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
  • қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
  • толық емес отбасылар.
Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүргізіледі. "Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары" санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұру шарт. Іріктеу "Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары" санаты бойынша тұрғын үй кезегіне қою күні мен отбасы құрамы бойынша кезекте тұрғандардың қатысуға құжаттарын тапсырғандар арасында өтеді. Өтініш беру үшін: 
  • ЭЦҚ кілті;
  • Отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
  • Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
  • Неке қию /некені бұзу /әке болуды анықтау туралы куәліктің /№4 нысан /қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
  • Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
  •  Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
  • Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы қажет.
Нұр-Сұлтан тұрғын үй орталығының мәліметінше, жалпы 100 пәтер үлестіріледі. Оның ішінде 30 пәтер "Жетім балалар" санатына ғана арналған: 12 бір бөлмелі пәтер (37,8-38,2 ш.м.), 18 екі бөлмелі пәтер (44,7-50 ш.м.). Қалған 70 пәтер "Әлеуметтік жағынан осал топтар" санатына арналған: 28 бір бөлмелі пәтер (37,8-38,2 ш.м.), 42 екі бөлмелі пәтер (44,7-50 ш.м.). "Пригородный" тұрғын алабындағы жеке тұрғын үй, Сарытоғай көшесінде орналасқан. Өтініштер нәтижесі туралы ақпарат zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.