Теке Қошқарды қабырғадан сүйкеді, Ойын шығар деп елемеді. Екінші рет үсті-үстіне төпеледі. – Ау Теке дос, Отардың билігін бердік қолыңа, Жатқызасың, тұрғызасың, өргізесің, Кедергі болмадық жолыңа. Айтқаныңа сендік, Дегеніңе көндік, Ізіңе шаңымызды шұбатып ердік. Қалғанбыз-ау қалып алып, Маңырасаң маңырадық, Иланып,қимадық, сыйладық. Отарға басшы сайладық. Бірауыздан жиналып. Кейінгі кезде, Түлен түрткендей құбылдың. Әркімге тиісіп жынұрдың. – деген Қошқарды, Бәрі мақұлдады. Тоқты –торпақтың бірі қалмай Таңдайлары тақылдады. – Мен Текемін, Текемін, Кейде жөнсіз кетемін. Кешіріңдер Шопан ата тұқымы, Бар екенін мойындаймын жетегім. – деп болғасын ба ойындағы, Өз кінәсін мойындады.