Алматы қаласына Бас имам тағайындалды
Алматы қаласына Бас имам тағайындалды
308
оқылды

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Төлеби Оспан Алматы қаласының бас имамы болып тағайындалды, деп хабарлайды muftyat.kz.

Бас мүфти бұйрығын наиб мүфти Ершат Оңғаров жамағатқа оқып беріп, осыған дейін Алматы қаласының бас имамы қызметін атқарған Еркінбек Шоқайға Наурызбай қажы Тағанұлының игі тілегі мен ілтипатын жеткізді.
Айта кетсек, Төлеби Оспан осыған дейін Ақтөбе облысының бас имамы болды.
Төлеби Дәділұлы Оспан  1981 жылы дүниге келген Білімі: 1997-1999 жылдары Шымкент қаласындағы «Дарул Арқам» Құран курсында Құран жаттаған; 2000-2002 жылдары Алматы қаласындағы Ислам институтына қарасты Қарилық бөлімінде білім алған; 2000-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан Ашық университеті «Филология» факультетінің «Қазақ тілі және Әдебиеті» мамандығын бітірген; 2009 жылы Түркия Республикасының Болу қаласында 2 айлық имамдардың білімін жетілдіру курсынан өтті; 2012 жылдың наурыз-қыркүйек айларының арасында Түркияның Ыстамбұл қаласында діни біліктігін арттырған; 2011-2013 жылдары «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» факультетін тәмамдаған; 2016-2018 жылдары «Шет тілдер және іскерлік карьера» университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі атағын алған. Еңбек жолы: 2002-2003 ж.ж. Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл Қайрат ауылының бас имамы; 2003-2005 жылдары ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти көмекшісі; 2005-2006 жылдары Астана қаласындағы «С.Ғылмани» мешітінің наиб имамы; 2006-2016 жылдары аралығында Елордадағы «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы; 2016 жылдың 6 мамырынан бастап бүгінге дейін ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша бас имамы және «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің бас имамы қызметін атқарған. Біліктілікті арттыру курстары: 2005 жылы Татарстан Республикасы, Қазан қаласының 100 жылдығына орай өткен халықаралық Құран жарысына қатысып, арнайы дипломмен марапатталған; 2012 жылы 21-23 мамыр аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Зайырлы мемлекет және дін» тақырыбындағы мемлекеттік органдардың діни саладағы қызметкерлері мен діни бірлестік өкілдерінің біліктілігін арттыруға арналған 3 күндік курсқа қатысқан; 2015 жылы 17-19 ақпан аралығында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім табысты дамудың негізі ретінде» атты 42 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру республикалық семинар-тренингіне қатысты; 2017 жылы 20-24 қараша аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау» орталығы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі қырлары» атты мемлекеттік қызметкерлер мен дінтану және исламтану мамандығының оқытушыларына арналған 40 сағаттық оқыту семинарына қатысқан; 2020 жылы ҚР Лаңкестік және Экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырған «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау» атты оқыту курсына қатысты. Марапаттары: 2010 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары V құрылтайының ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқаны үшін, 2011, 2015 жылдары Астана қаласындағы діни іс-шаралар мен үгіт-насихат жұмыстарына белсене араласқаны үшін Бас мүфти алғыс хатымен марапатталған; 2011 жылы Астана қаласы, Есіл ауданының 3 жылдық мерейтойына орай аудан әкімі Қ.Жаңабергеновтың «Құрмет мадақтамасымен» марапатталған; 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды дамытуға және қоғамдағы дінаралық татулықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ҚР ДІАҚМ, Дін Істері комитетінің алғыс хатымен марапатталды; 2018 жылы Астана қаласында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумының ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқаны үшін Бас мүфти алғыс хатымен марапатталған; 2018 жылы Ақтөбе облысында терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес бағытында озық тәжірбиесі мен табандылығын танытып және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы белсенді қызметі үшін Ақтөбе облысы әкімі Б.Сапарбаевтың алғыс хатымен марапатталды; 2020 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен награтталды; 2020 жылы 9 желтоқсан күні «Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Қосымша мәліметтер: ҚР Журналистер одағының мүшесі. Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасы жанынан құрылған Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі. Отбасылы, 3 қыз, 1 ұлы бар.