Данияр Елеусінов Головкиннің промоутерінен не себепті кетті?

Бокстан Олимпиада чемпионы, қазір кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов Matchroom Boxing промоутері Эдди Хирнмен келісімшартты неге тоқтатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшының менеджері Элвис Креспо журналист Майк Коппинджерге берген сұхбатында Елеусінов Matchroom-мен келісімшарт мерзімі аяқталғанын айтқан қазір ол еркін агент екенін мәлімдеген болатын.

Елеусіновтің өзі бұл жағдайды түсіндір. Даниярдың айтуынша, оның Хирн мен DAZN стриминг сервисіне көңілі толмаған.

«DAZN мені бағаламады. Мен Индонго деңгейіндегі боксшылармен тағы үш-төрт жекпе-жек өткізсем деймін. Содан кейін біз жартылай орта дәрежедегі чемпиондар туралы сөйлесерміз», - дейді Данияр Елеусінов.

Айта кетейік, Эдди Хирн қазір Геннадий Головкиннің бокстағы шаруасымен айналысады. Сондай-ақ, GGG-дің DAZN-мен де келісімшарты бар.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.