Қостанайда қора өртеніп, ішіндегі мал тірідей жанып кеткен
Қостанайда қора өртеніп, ішіндегі мал тірідей жанып кеткен
107
оқылды
Қостанай қаласында бір үйдің үйдің ауласындағы қора өртеніп, ішіндегі мал тірідей жанып кетті. 4 маусымда сағат 14:09-да Қостанай облыстық ТЖД нөміріне Цветоная көшесінде 150 шаршы метр аумақта қора өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 14:57-де келіп, жалынды сөндіруге кірісті.
«Өрттің жақын тұрған жекеменшік үйдің барлық аумағына, сондай-ақ көрші үйге таралып кетуі мүмкін еді. Жалынмен күресте өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 15 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Қорадан басқа, оның ішінде тұрған мал – бір жылқы мен 12 қой өртеніп кетті. Сондай-ақ, өрт кезінде сонда жүрген жалдамалы жұмысшы зардап шекті. Беті мен қолы күйген ол ауруханаға барудан бас тартты», - деп хабарлады ТЖД-дан.