Алматыда тапа-тал түсте жас қызды тонап кеткен жігіт ұсталды
Алматыда тапа-тал түсте жас қызды тонап кеткен жігіт ұсталды
140
оқылды
Алматыда тапа-тал түсте жас қыздың ұялы телефонын тартып алған жігіт ұсталды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.
«Бұрын хабарлағанымыздай, бұл қылмысты ашу үшін тергеу-жедел тобы құрылған болатын. Біз шабуылдаушының кім екенін тез анықтадық, алайда, оны ұстау үшін біраз уақыт қажет болды. Бүгін қалалық криминалдық полицияның көмегімен ұстадық. Ол - 2003 жылы туған К. есімді тұрғын. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, ұялы телефонды сатып жібергенін айтты. Қазіргі уақытта, заттай айғақтың қайда екенін анықтау бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Бұған дейін