Майдангер жауынгерлердің сүйегі елге жеткізілді
Майдангер жауынгерлердің сүйегі елге жеткізілді
116
оқылды

Қорғаныс министрлігі – Менің әкем Рапық Шәмішев 1912 жылы дүниеге келген. 1942 жылы оны Қарқаралы ауданының әскери комис­сариаты әскер қатарына шақырды. Мен ол кезде төрт жаста, інім екіде еді. Анам­ның айтуынша, әскери комиссариаттан адамдар келіп, сол түні әкем соғысқа аттанған. Біз жылап қалдық. Оның табылғанын айтқан кезде, мен сенбедім, шатастырған болар деп ойладым, өйткені көп уақыт өткен еді, – деді сарбаздың қызы Еркеш Шәмішева. Сарбаздардың сүйектерін «Ржев. Калинин­ский фронт-2021» атты халық­аралық экспедиция кезінде ресейлік «Пионер» іздестіру жасағы тапқан. Қазақстанға Әскери-әуе күштерінің әскери-транспорттық авиация бортымен жеткізілді. – Ай сайын бізге қаза тапқан және хабарсыз кеткен сарбаздардың туыстары мен жақындарынан он шақты өтініш келіп түседі. Біз Қазақстан мен Ресейдің іздестіру жасақтарымен тығыз байла­ныста болып, Ресей Федерациясы аума­ғында табылған жауынгерлердің туыс­тарын іздеуде әскери комиссариаттармен жұмыс істейміз, – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи мұражайы іздестіру-экспедициялық жасағының қызметкері Әсем Қанапина. Соғыс жылдары Қазақстаннан әс­керге шақырылып, із-түзсіз жоғалған жауынгерлерді Atamnyn Amanaty қоғам­дық бірлестігі іздеу жұмыстарымен бел­сенді айналысады.                 

 А. ЖОЛДАС