Жанболат Мамайдың халықаралық сотқа тартылу қаупі бар
Жанболат Мамайдың халықаралық сотқа тартылу қаупі бар
241
оқылды

Zakon.kz редакциясына Eurаbus басшысы мен FalconEurаbus-тың серіктесі Томас Кристиан Сейцтің ресми мәлімдемесі бар құжат тиді. Өз үндеуінде олар Мамайдың Алматыдағы электробустар шығаратын зауытқа қатысты таратқан ақпаратын түсіне алмай, айран-асыр болғандарын айтады.

"Мамай мырза өзінің видео сюжетінде біздің компанияның өндіріс алаңын — автобустарға Eurаbus логотипін жапсыратын қытайдың гаражы деп салды. Осы мәлімдеменің өзі-ақ бұл адамның өндіріс және халықаралық инвестиция туралы мүлдем білімі жоқ екендігінің айғағы бола алады", — деп атап өтті Томас Кристиан Сейц.
Сонымен қатар, Eurаbus — штаб-пәтері Берлинде орналасқан көпұлтты компания. Ол заманауи, экологиялық таза электрлі автобустар шығарумен айналысады. Компанияның Германия, Қытай және Қазақстанда зауыттары бар. 2018 жылы Eurаbus Алматыдағы зауыт құрылысына 7 миллиард теңге инвестициялады, тағы 4 миллиард автобус паркіне салынды. 200-ден астам жұмыс орны құрылды. Алматы кәсіпорны 25 электр автобустарын құрастырды, ал жыл соңына дейін тағы 250-ін шығаруды жоспарлап отыр. FalconEurаbus шығарған автобустарда мегаполисте 3 миллионнан астам жолаушы тасымалданады.  
"Біздің өндіріс тек қазақстандық қалаларға ғана емес, сонымен қатар ЕАЭО және Еуропа елдеріне экспорттауға бағытталғанын, бұл Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды екенін ерекше атап өткім келеді. Біз экологиялық таза автобустарды сатумен ғана шектелмейміз, бірінші кезекте серіктестеріміз жаңа инвестицияларды тарта алуы үшін қазақстандық парктерге лизингке жеткізуді ұйымдастырамыз", — деді Томас Кристиан Сейтц.
Eurаbus басшысының айтуынша, бұл әкімдіктерге автобустар сатып алуда бюджет қаражатын үнемдеуге, жолаушыларды тасымалдауды субсидиялаумен шектелуге мүмкіндік береді. Сейц мырза зауытты Алматыда салу туралы шешім мұқият талдаудан кейін қабылданғанын атап өтеді. Бастапқыда Eurаbus басшылығында Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Өзбекстан арасында таңдау болды. ТМД елдерін зерттей отырып, компания Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен қолайлы инвестициялық климатын, шетелдік инвестицияларды қорғаудың тиімді жүйесінің болуын жоғары бағалады.
"Мамай мырза істің егжей-тегжейін білместен, біздің кәсіпорнымыздың қызметі туралы қоғамды адастырып, мүлдем дұрыс емес ақпараттар таратуының себебіне менің де миымның жетпей отырғанын тағы бір мәрте айта кетейін. Мұндай әрекеттер инвестициялар, жұмыс орындары, салықтар, технологиялар үшін белсенді күресіп жатқан басқа елдерге шетелдік инвесторлардың Қазақстаннан кетуіне жол бере алады", — дейді Eurаbus басшысы.
Ол өзінің компаниясы адал ынтымақтастыққа мүдделі екенін және оның қызметі туралы сенімді және расталған ақпаратты таратуды қолдайтынын баса айтты. [caption id="attachment_145024" align="alignnone" width="680"] width= Сурет: Zakon.kz[/caption]
"Осыған байланысты, Жанболат Мамай тарапынан түсініспеушілік туындаған жағдайда, бедел тәуекелдерін жою үшін біз халықаралық сот органдарына жүгінуге мәжбүр болатынымызды айтқым келеді", — делінген Томас Кристиан Сейцтің үндеуінде.