Қазақстан Президенті Никол Пашинянды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан Президенті Никол Пашинянды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
5,228
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-Министрі міндетін атқарушы Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Никол Пашинянды өзі басқаратын «Гражданский договор» партиясының кезектен тыс өткен Парламент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
– Дауыс беру қорытындысы мемлекеттілікті, ұлттық бірлікті нығайтуға және елдегі ахуалды тұрақтандыруға бағытталған Сіздің саяси ұстанымыңызды халық қолдайтынын  айқын көрсетті, – делінген жеделхатта.
Президент бірлескен белсенді күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастар екіжақты форматта да, Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграция аясында да нығая беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның достас Арменияны өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс тіледі.