Токио Олимпиадасы: Қазақстанның Туын кім ұстайды?
Токио Олимпиадасы: Қазақстанның Туын кім ұстайды?
342
оқылды

Қазақстандық атақты спортшы, Лондон Олимпиадасының чемпионы, жазғы Олимпиаданың жүлдегері Ольга Рыпакова және бокстан ұлттық құраманың капитаны, әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы Қамшыбек Қоңқабаев Токиода Қазақстан Олимпиада құрамасының Туын ұстайды. Бұл туралы бүгін Фото: olympic.kz[/caption] Ольга Рыпакова үшін Токиодағы Олимпиада оның спорт мансабындағы төртінші  Олимпиадасы болмақ. Ол үш қарғып секіру бойынша 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында күміс, 2012 жылы Лондонда алтын және 2016 жылы Риода қола медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек, Ольганың еншісінде Универсиадада алтыны және Азия ойындарының алты алтын медалі бар. Сондай-ақ, әлем чемпионы және 2010 жылғы құрлықтық кубогтің иегері.

«Олимпиада ойындарында Қазақстанға тиесілі он алты алтынның үшеуін әйелдер жеңіп алды. Жылдан-жылға спорттағы әйелдер саны артып, олар жаңа рекордтар орнатады деп сенемін. Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміздің Туы сеніп тапсырылғаны ерекше әсер етті. Дәл осы миссияның маған ұсынылғанына және сеніп тапсырылғанына қуаныштымын», – дейді Ольга Рыпакова.

Қамшыбек Қоңқабаев – бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының капитаны. Ол 2014 жылғы әскерилер арасында әлем чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін және 2017 мен 2019 жылғы әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері. Токио Олимпиадасы 29 жасар қызылордалық спортшы үшін алғашқы Олимпиадасы болмақ. «Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында туды ұстап шығуды маған сеніп тапсырғаны үшін баршаға алғыс айтамын. Бұл мен үшін жауапкершілік және жоғары мәртебе. Біздің құрамадағы көптеген спортшылардікі сияқты Токио Олимпиадасы менің спорт мансабымдағы алғашқы Олимпиада болмақ. Біз бұл Олимпиаданы өте ұзақ күттік және оның өтетініне өте қуаныштымыз. Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік жасағаны үшін біз Президентімізге, мемлекетемізге және де Ұлттық Олимпиадалық комитетіне зор алғыс білдіреміз. Ендігі кезек бізде!» – деді Қамшыбек Қоңқабаев.

Олимпиада ойындары 23 маусымда Токиода басталады. Олимпиадалық команда Токиоға жіберілгенге дейін жаттығу базаларында кем дегенде екі апта карантинде болады. Команда Жапонияға 16 шілдеде аттанады. Делегация Air Astana әуекомпаниясының чартерлік рейсімен барады.