АҚШ-тағы Окленд қаласында зообақ хайуанаттарына вакцина сала бастады. Жануарларға Зоэтис ((Zoetis)) компаниясы әзірлеген эксперименталды препарат егіліп жатыр.
Дертке қарсы дәрінің алғашқы данасы арыстандар, аюлар мен жолбарыстарға салынды. Аталған вакцинаны Американың ауыл шаруашылығы министрлігі және штат ветеринарлары мақұлдаған. Осы уақытқа дейін оның 11 мыңнан астам дозасы өндіріліпті. Олардың бәрі АҚШ зообақтарындағы жануарларға арналған көрінеді.