Бұл туралы «Ақ Жайық» жазды. Оқиғаға қатысты «Теңізшевройл» компаниясының өкілі пікір білдірді.
Ол вакцина алуға келген компания қызметкерінің ауырып қалғанын растады.
«Қазіргі уақытта қызметкер бастан-аяқ медициналық тексеруден өтіп жатыр», – деді ол.
Басылымның жазуынша, вакцина алғаннан кейін есінен танған әйел бұрын эпилепсиямен есепте тұрған.
Әйел Sicim компаниясында жұмыс істейді. «Спутник V» вакцинасының 2-компонентін алғаннан кейін 30 минуттық бақылау кезінде есінен танған.
https://youtu.be/Rx5Yk8rLORM
«Әйел 1-компонентті биыл 5 маусымда алған. Сол уақытта вакцинаның кері әсері байқалмаған. 2-компонентті салдыратын күні әйелдің денсаулығына шағымы, дене қызуы болмаған. Ол вакцина алуға өз еркімен келген. Бірақ ол бұрын тұрғылықты жері бойынша невропатологта эпилепсия бойынша есепте тұрғанын жасырған. 2010 жылы ол эпилепсиялық талмаға ұшырағаны анықталды. Невропатологта тіркеуде тұрған. Әйелдің айтуынша, 2010 жылдан кейін денсаулығы сыр бермеген. Дәрі-дәрмекпен емделген» делінген ресми хабарламада.
Вакцинадан соң халі күрт нашарлаған әйелге дәрігерлер жан-жақты көмек көрсетті.