Астанадағы аламан бәйгеде бірінші келген сәйгүліктің иесіне 4 миллион теңге берді  
Астанадағы аламан бәйгеде бірінші келген сәйгүліктің иесіне 4 миллион теңге берді  
249
оқылды

Елбасы кубогіне арналған жарыста Алматы облысы Қарасай ауданынан бәйгеге қосылған Мамайқара сәйгүлігі топ жарды, – деп хабарлайды 24.kz.

Шабандоздың есімі – Байқан Асанқұлов. Ол 13 айналымда топ арасында жүріп, тек соңғы айналымда қара үзіп алға шықты. Жылқы иесіне 4 миллион теңге табысталды.

Екінші орын Әулиета өңірінен келген Сармат атты тұлпарға бұйырды. Оған да қаржылай сыйақы берілді. Үшінші және төртінші болып, мәреге Батыс Қазақстан мен Алматы облысының тұлпары келді.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 25 миллион теңге. Жарысқа барлық өңірден 40 сәйгүлік қатысты.