Атырау қаласына әкімі болып Шәкір Кейкінұлы Кейкін тағайындалды.
Атырау қаласының әкімі ауысты
3,785
оқылды

Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысы Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында «Теңізмұнайкомплект» ЖШС-да коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастап, 1999 жылға дейін әртүрлі қызмет атқарды.

06.1999-01.2001 жылдар аралығында «РАМАКО» ЖШС-да  директордың коммерция жөніндегі орынбасары;

01.2001-02.2008 жылдары  «Казстройсервис ЛТД» ЖШС-да директор;

02.2008-10.2008 жылдары Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі;

10.2008-07.2009 жылдары Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары;

07.2009-10.2018 жылдары Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі;

10.2018-02.2019 жылдары  Атырау қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобильдары жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы;

02.2019-09.2019 жылы   Атырау қаласы әкімінің орынбасары;

09.2019-03.2022 жылдары  Мақат ауданының әкімі;

03.2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментінің басшысы қызметінде болды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА