Мұны рейске жауапты әуе компаниясының басшысы растады, – деп хабарлайды «Хабар 24».
Апаттан ешкім тірі қалмаған. Әуе кемесі бүгін жерге қонардан бірнеше сағат бұрын радарда көрінбей, жоғалып кеткен еді. Ұшақ бортында 6 экипаж мүшесі мен 22 жолаушы болған, арасында балалар да бар.
Камчатка аймағының губернаторы Владимир Солодов: «Ұшақ айнала дұрыс көрінбегендіктен екінші рет айналып ұшқан кезде апат болған. Ұшақтың сынықтары Палана ауылының солтүстігінен 5 шақырым жерден табылды. Ұшақтың негізгі корпусы жағалауда, басқа бөліктері жағаға жақын суда жатыр. Осы деректерді нақтылап, растау үшін сынықтар табылған орынға мамандар бара жатыр», – деді.