Салық қарызы 17 мың теңгеден аспаса, шот бұғатталмайды
Салық қарызы 17 мың теңгеден аспаса, шот бұғатталмайды
289
оқылды

Бұдан былай салық бойынша қарызы 17 мыңнан аспайтын азаматтардың есеп-шоты бұғатталмайды.

Заңнамаға осындай өзгеріс енгізілді. Ал берешек толық өтелген жағдайда банктер шығыс оперцияларын жандандыруға құқылы.

Ресми мәлімет бойынша, салықтан жиі жалтаратындар - Алматы тұрғындары. Олардың мемлекет алдындағы қарызы 5,1 млрд теңгеге жетеді. Әсіресе, көлік салығын төлемеу деректері тыйылар емес. Ол барлық берешектің 90 пайызын құрайды.

Азаматтарға төлем жасау ыңғайлы болу үшін бірнеше жолы қарастырылған. Атап айтсақ, e-Salyq Azamat, Egov порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен Қазпошта бөлімшелері арқылы төлем жасауға болады.