Мұндай қулықты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңір бойынша департаменті әшкере қылды.
Департамент мамандарының айтуынша, көпбалалы әкелер мемлекетке 14 миллион теңге залал келтіріп отыр екен.
Жалпы тарқатып айтсақ, ҚР Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес, он төрт жасқа толмаған балалардың заңды өкілдерінің тұратын жері олардың тұрғылықты жері болып танылады. Ерлі-зайыптылар арасында неке бұзылған жағдайда ата-ананың біреуімен балалардың бірге тұруы сот шешімімен расталады. Алайда бірнеше әке өтінішінде балалары сомен бірге тұрады деп көрсеткенімен, сот шешімімен олардың шешесімен тұратындығы белгілі болған.
Сол себепті, «Азаматтарға арналған үкімет» порталынан көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының ата-аналар арасынан тек әкесі тарапынан өтініш білдіргендер туралы ақпарат сұратылып, ол тізімдер бойынша қалалық сот шешімдерімен сәйкестендірілген.
Нәтижесінде, 27 көпбалалы әке (бас тартуға шешім шығарылған) 14 337 143 теңгені заңсыз алғаны анықталған. Қазіргі таңда артық төленген сомадан 150 000 мың теңге республикалық бюджетке қайтарылса, қалғандарымен тиісті жұмыстар жүргізілуде.