Мүлік салығын үйден шықпай-ақ қалай төлеуге болады?
Мүлік салығын үйден шықпай-ақ қалай төлеуге болады?
Фото: mail.kz
299
оқылды

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, биыл 1 қаңтардан бастап жер мен мүлік бір мүлік салығына біріктірілді.

Енді үй мен жер үшін мүлік салығы сияқты бірыңғай сома төленуі керек. Алдағы төлемдерді есептеу кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Мемлекеттік жер кадастры» АЖ және Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік регистрі» мемлекеттік деректер қорының деректері пайдаланылды. 2020 жылға есептелген мүлік салығын биыл 1 шілдеден 1 қазанға дейін E-salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы төлейді.

Сонымен қатар салықты екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде қолма-қол ақшамен, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен төлей алады.