Жаңа тағайындалған қала басшысын Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды.
Әкімдіктің мәліметінше, Павлодардың жаңа әкімінің кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісіліп, қалалық мәслихат депутаттары мақұлдады.
Байханов 2020 жылы наурыздан бері Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Бұған дейін 2015 жылы «ҚазАгроӨнім» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған.
2009-2015 жылдары ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысқан.
Асайын Байханов үйленген, төрт баласы бар.
Бір жылға жуық қызмет атқарған бұрынғы әкім, 49 жастағы Ержан Иманслям жаңа қызметке ауысты. Ол қала маңайындағы Павлодар ауданының әкімі болды.