Вакцина салдырудан қашқандарды алаяқтар қалай алдайды?
Вакцина салдырудан қашқандарды алаяқтар қалай алдайды?
Фото: yandex.kz
285
оқылды

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, арнайы мониторингтік топ құрылды.

Олар әлеуметтік желі және мессенджер, паблик, жарнамалық сайттардағы жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтайды. Полиция осындай 46 жарнаманы анықтады. Онда жалған вакцинация паспорттары, оң немесе теріс тест нәтижелері бар анықтамаларды ақшаға ұсынады. Тіпті, Ресей, Украина, Үндістан және АҚШ-та медициналық анықтамалар мен вакцинация паспортын сату туралы хабарландырулар бар. «Алаяқтар қармаққа ілінген азаматтарға вакцинаның 1-компонентін алғаны туралы жалған хабарлама жібереді. Осыған алданған азаматтар 2-компоненттің анықтамасы үшін сұраған ақшаны аударып жібереді. Ақша түскен бойда жарнама иесі із-түзсіз жоғалады. Алаяқтар шетелдік банктердің карталарын қолданады. «Саудагерлер»  телефон нөмірін жиі өзгертеді. Алданған адамдар полицияға шағымданбайды. Себебі, жалған құжатты сатып алып, заң бұзғанын өзі де біледі», – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бұған дейін жалған ПТР тест анықтамасын жасаған әуежай қызметкерлері туралы жазған болатынбыз.