«Тассай» индустриалды аймағын аралады
«Тассай» индустриалды аймағын аралады
241
оқылды

Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясы фрак­ция­­сы­ның мүшесі Мұхтар Ерман Шымкент қаласындағы «Тас­сай» индустриалды айма­ғын аралап көріп, ондағы өн­діріс орындарының жұмысы­мен танысты.

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық фи­лиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарла­масында кәсіпкерлікті дамыту ба­ғытында нақты іс-шаралар қа­рас­тырылған. Осы бағдарламаның орындалу барысы мен кездесіп жат­қан кедергілерді азайту кәсіп­керлер мен депутаттың арасындағы әңгіме өзегі болды. «Тассай» индустриалды аймағы 89 гектар жерді алып жатыр. Мемлекет тарапынан бөлінген 1,06 миллиард теңгеге жеке ком­паниялар 45,5 миллиард теңге инвестиция алып келген. Қазір мұнда 27 ,04 миллиард теңгеге 17 жоба іске асты. Ол кәсіпорындар жұмыс істеп тұр, өнім шығарып жатыр. Тағы 16 кәсіпорынның құ­рылысы жүріп жатыр. Біразы жақын арада іске қосылмақшы. Оларға жұмсалған қаржы – 11,7 миллиард теңге. Мұндағы шығарылатын өнім­нің басым бөлігі шетелге сатылады. Елімізге валюта алып келіп жатыр. Індеттің экономикаға әсері тиіпті. Шетелдіктерден түсетін тапсырыс азайған. Дегенмен өндірісті басқа бағытқа бұрып, жұмыс үш ауысым­да ұйымдастырылған. Кәсіпорын басшысы зауыттың іргесіндегі жерге жұмысшылар үшін тұрғын үй салуға айналадағы көршілерімен келісе алмай отырғанын айтты. Өз кезегінде халық қалаулысы Мұхтар Ерман трансформатор шығаратын зауыттың ішін аралап, жұмыс барысымен танысып, қыз­мет сапасына оң бағасын берді.

Әбілмансұр ЖАСАН