Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері терроризм туралы жалған хабар берген 2 факт тіркелген.
17 шілде күні белгісіз ер адам полицияға құрылысы аяқталмаған зауыт ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.
Облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев: «Полицейлер оқиға орнын дереу қоршауға алып, жарылғыш затты іздеді. Мамандар мен иісшіл иттермен түгел аумақты тексерді. Бірақ жарылғыш зат табылған жоқ. Жедел іздестіру нәтижесінде, 38 жастағы ер адамның жалған хабар бергені анықталды. Күдікті бұрын сотталған Ақтау қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Соңғы 4 жылда Атырауда жұмыс істеген. Өзін жұмыстан босатқаны үшін басшысынан өш алу мақсатында жалған қоңырау шалғанын мойындады», – дейді.