ШҚО-да арнайы мектептен қашқан тәрбиеленушілер көлік ұрлаған
ШҚО-да арнайы мектептен қашқан тәрбиеленушілер көлік ұрлаған
Фото: inform.kz
5,263
оқылды
ШҚО-да арнайы мектептен қашып кеткен тәрбиеленушілер тұрғынның көлігін айдап әкетті, — деп хабарлады Polisia.kz. Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында ерекше режимде ұстайтын арнайы мектептің екі жасөспірімі қашып кетті, олар ұрлық, алаяқтық және айдап әкету үшін сотталған еді. Мәселен, биыл 30 маусымда сағат 04.30 шамасында кезекші түнгі тексеру кезінде Түркістан және Қызылорда облыстарының тумалары, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жоқ екенін анықтады. Арнайы мектептің сыртқы бақылау бейнекамерасы олардың қашу сәтін түсірген екен. Онда екеуі екінші қабаттан төсек жаймасын пайдаланып, төмен түсіп, үш метрлік металл дуалға өрмелеп шығып, мекеме аумағынан қашып кеткені тіркелген. https://www.youtube.com/watch?v=kD8VxN25v4w&feature=emb_title Кәмелет жасына толмаған тәрбиеленушілерді іздеуге өңір полициясының жеке құрамы шұғыл кірісті. Полиция қызметкерлері иісшіл иттерді де қолданды. Сондай-ақ, іздестіру шараларына мектеп қызметкерлері мен волонтерлер тартылды.
«Қашып кеткендер ең әуелі Көкпекті ауданының 54 жастағы тұрғынына тиесілі УАЗ маркалы автокөлікті айдап кеткен. Содан соң жақын маңдағы елді мекендердің біріне барып, көлікті 70 000 теңгеге сатып жіберді. Ары қарай таксимен Өскемен қаласына жеткеннен кейін жолда кетіп бара жатқан көлікті тоқтатып, Алматы қаласына қарай бет алған», – делінген ведомство ақпаратында.