Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті
Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті
© olympic.kz
5,135
оқылды
Жапония астанасындағы Олимпиада ойындарында +91 келіде жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев турнирдегі алғашқы кездесуін сәтті аяқтады, — деп хабарлады olympic.kz. +91 келі салмақта мысырлық боксшы Юсри Резк Мұстафа Хафезді айқын басымдықпен жеңген Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Аса ауыр салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз қарсыласынан үш раундта да басым болды. Әсіресе қазақстандық боксшының сол қолмен ұрған соққылары қарсыласына ауыр тиіп жатты. Төрешілердің бәрі бірауыздан Қамшыбек Қоңқабаевты жекпе-жектің жеңімпазы ретінде таныды.