Түркістан облысында 200-ге жуық адам жиналған той тоқтатылды
Түркістан облысында 200-ге жуық адам жиналған той тоқтатылды
Фото: pricom.kz
254
оқылды

Коронавирус таралмауы үшін полицейлер күндіз-түні жұмыс істеп жатыр.

Тексеру нәтижесінде, биыл шілде айында Келес ауданында карантин режимі бұзылған 32 жайт анықталды. Оның ішінде, 7-еуі – той-жиын. Анықталған жайтқа қатысты заңды шешім қабылдау үшін Келес ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Келес ауданы Біртілек ауылында тойханада сағат күндізгі 14:00 шамасында карантин режимін өрескел бұзып, үйлену тойын өткізген. Тойдың өтіп жатқаны мобильдік топпен барған полицейлердің бейнежетонына түскен. Тойға 200-ге тарта адам жиналғаны анықталды. Тойхана иесі мен той өткізген тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен іс-құжаттар жинақталып, СЭББ-ға жолданды.

Бұған дейін тойдан тікелей эфир жүргізіп, өздерін полицияға ұстап бергендер туралы жазған болатынбыз.