Оқушыларды жазғы демалыспен қамту шаралары айтылды
Оқушыларды жазғы демалыспен қамту шаралары айтылды
256
оқылды

Жамбыл облысында «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Онда партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнін­дегі Жол картасында белгіленген мектептерде инклюзивті білім бе­руге жағдай жасау, кәмелетке тол­маған балалардың құқығы мен тәртібі, оқушылардың жазғы сауық­тыру лагерін ұйымдастыру және «Бақытты отбасы» пар­тиялық жобасы аясында құрылған жедел әрекет ету топтарының ат­қар­ған жұмыстары қаралды. Күн тәртібін­дегі бірінші мәселе бойын­ша об­лыс­тық Білім басқармасы басшы­сы­ның міндетін атқарушы Т.Жама­ловтың баяндамасы тың­далды. Бүгінде партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнін­дегі облыстық Жол картасында белгіленген білім беру ұйымда­рында инклюзивті білім беруге жағдай жасау көрсеткіші бойынша аймақтағы мемлекеттік колледж­дерде – 43%, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында 35% жағдай жасалып, биылға бел­гіленген көрсеткіш толық орын­далды. Айта кету керек, 2020-2021 оқу жы­лында облыста 0-18 жас аралы­ғында ерекше білімді қажет ететін 7 944 бала тіркелген. Оның 6 146-сы біліммен және тәрбиемен қам­тылды. Сондай-ақ Т.Жамалов оқушыларды жазғы демалыспен қамту шаралары туралы айтты. Жалпы, биыл Төтенше жағ­дайлар және Санитариялық-эпидемиологиялық департамент­терінің рұқсатын алған қала сыр­тындағы 7 лагерь жұмыс істеуде. Қазір медициналық бақылаудан өткен 5 023 бала сауықтыру шара­сымен қамтылды. Ал мектеп жа­нындағы 124 лагерьде көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шық­қан 6 971 бала бар. Кеңес отырысында әлеуметтік желі белсенділерінің Жамбыл ауданына қарасты «Болашақ» ла­геріне жүргізген зерделеуі туралы айтылды. Бұл бойынша басқарма тарапынан тиісті мекеме маман­дары­мен бірлесіп, аталған демалыс орнына тексеріс жүргізілген. Он­дағы олқылықтың орны толты­ры­лып, кемшілік түзетілді. Бұдан бөлек, Шу, Т.Рысқұлов аудандары әкімдерінің орынбасарлары баян­дама жасап, Жол картасындағы көрсеткіштердің орындалу бары­сы­мен таныстырды. Жиын соңын­да бірқатар ұсыным қабылданып, өзекті деген мәселе бақылауға алынды.

Әбілмансұр ЖАСАН