Токиода балуан Нұрислам Санаев жеңіске жетті
Токиода балуан Нұрислам Санаев жеңіске жетті
Фото: inbusiness.kz
273
оқылды

Жарысқа 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуандар кілемге шықты.

Қазақстан құрамасынан Нұрислам Санаев алғашқы кездесуінде Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиномен белдесті. Нұрислам Санаев 7:0 есебімен жеңіске жетті. Содан кейін қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрсилам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға жолдама алды.

Жартылай финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады.