Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті бір күн бұрын, кешкі сағат он шамасында ұсталған.
Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Петропавлда бір апта ішінде бала зорлаудың екі фактісі тіркелді. Екі күдікті де ұсталды. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес айтылмайды», – деді департамент өкілі.
Тергеуді Полиция департаменті мен Облыстық прокуратура басшылығы жіті қадағалайды.