5 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
5 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
©https://www.inform.kz
263
оқылды

Шымкентте бес жасар бала 2-қабаттағы терезеден құлап кетті.

Оқиға 8 тамыз күні кешкі 22.30 шамасында әл-Фараби ауданы Терешкова көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде  болған. Үлкендердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылған. Қазір баланың жағдайы - ауыр.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде қалада 3 бала осылай көпқабатты үйдің терезесінен құлаған. Оның ішінде бір бала қаза тапты, ал екеуі жарақат алып, ауруханаға түскен. Өткен жылмен салыстырғанда биыл осындай жазатайым оқиғалар саны өскен. Сондықтан полицейлер ата-аналарға барынша мұқият болып, балаларды қараусыз қалдырмауын еске салады.