Дәрігерлердің айтуынша, қауын мен қарбызды қабығына дейін жеу – денсаулыққа зиян. Бұл жайында Мәскеу Денсаулық сақтау департаментінің бас маманы, диетолог Антонина Стародубова хабарлады.
Маманның сөзінше, қауын мен қарбыздағы зиянды заттар негізінен түбіне таман орналасады. Өйткені егілген нитраттар қауын-қарбыздың қабығына жиналады. Сол үшін де қауын-қарбызды түбіне дейін ойып жеудің қажеті жоқ.
Оған қоса, дәрігер қауын-қарбызды жарған соң, ертеңге қалдырмастан тауысуға кеңес берді. Қалғанын сақтасаңыз, бетін жауып, тоңазытқышқа қою керек.