Қызылордада 65 жастағы қария пәтер ішінде құлап, екі күн бойы тұра алмай жатқан. Бұл жайында Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне 9 тамызда полиция қызметкері хабарлаған.
Ғ. Мұратбаев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтер ішінде әжей екі күннен бері есік ашпаған.
«Оқиға орнында жедел құтқару жасағының мамандары шұғыл жұмыстар жүргізді. Төртінші қабаттан құтқару арқанымен түсіп, балкон арқылы пәтерге кірді. Пәтер ішінде құлап, өздігінен тұра алмай жатқан 2-ші топ мүгедегі, 1956 жылы туған әйел адам құтқарылды. Ол Апаттар медициналық орталығының қызметкерлеріне тапсырылып, ауруханаға жеткізілді», — деді баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.