Эстрада жұлдызы Ернар Айдар әкесінің 60 жасқа толуына орай көлік сыйға тартты. Балаларының ілтипатына сүйсінген әке көз жасын жасыра алмады.
Ернар Айдар бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады. Әнші 60 жасқа толып жатқан әкесіне автосалоннан LEXUS-570 көлігін сыйға тартқан.
“Осы жылы, 20 сәуірде асқар тау әкеміз 60 жасқа толды, карантин бітсе ағайын-туысты шақырып, үлкен той жасаймыз деген ниет болған. Карантин бітпей, той жасауға қатаң тыйым салғандықтан, тойды кейінге қалдырдық. Алла қаласа, індет жойылып, карантин толық біткен кезде тойымызды жасай жатармыз. Ал әкемізге деген тосынсыйымызды күттірмей сыйлай беруді жөн көрдік. "Қуанышты бөліссең көбейеді" дейді ғой, баршаңызға жұғысты болсын!”, – деп жазды ол.