Германияда зейнетақы алу құқығы, оны тағайындау және есептеу тәртібі заңмен реттеледі.
Меркельдің Парламенттегі қызметі үшін зейнетақы бундестаг депутаттары туралы заңға сәйкес, ал үкіметтегі жұмысы үшін федералды министрлер туралы заңға сәйкес есептеледі. Бундестаг депутаттары туралы заңның 20-тармағына сәйкес, мысалы, ол жалақының 65 пайызы мөлшерінде максималды зейнетақы алуға құқылы, өйткені оның парламенттегі жұмыс өтілі - 31 жыл.