"Аккардағы танкердің жарылуы салдарынан біздің командалар аудандық ауруханаларға 20 адамның мәйітін және жеті жаралы адамды тасымалдады", — деді Ливан Қызыл Крестінің өкілдері Twitter-де.Ақпарат бойынша, ұйымның 22 командасы зардап шеккендерге көмектесіп жатыр.
Al Arabiya телеарнасы ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып Аккар аймағында танкердің жарылуы салдарынан 100-ге жуық адам жарақат алғанын хабарлады. Қазіргі уақытта Ливанда ауыр экономикалық дағдарыс болып жатыр. Тіпті ел астанасында электр энергиясы тәулігіне төрт сағаттан артық берілмейді. Қалған уақытта генераторлар қолданылады, бұл жанармай тапшылығын тудырды.⚠️UPDATE⚠️: our teams have transported 20 dead bodies and more than 7 injured from the fuel tanker explosion in #AKKAR to hospitals in the area. pic.twitter.com/MgWdpC61Pn
— Lebanese Red Cross (@RedCrossLebanon) August 15, 2021