Шымкент қаласы әкімдігі Ауғанстан босқындарын қабылдауға қатысты мәлімдеме жасады.
"Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қаламыз Ауғанстан босқындарын қабылдайды деген ақпардың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Тоғыс тұрғын алабындағы N120 мектепте жаңа оқу жылына байланысты жоспарлы жұмыстар атқарылуда", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдамағанын хабарлады.