Ұйықтар алдында жеуге болмайтын 5 тағам
Ұйықтар алдында жеуге болмайтын 5 тағам
©flacon-magazine.com
321
оқылды

Кейбір тағамның ұйқыға және ұйықтау қабілетіне теріс әсер ететіні белгілі. Сондықтан кешке олардан бас тартқан дұрыс.

Біріншіден, тазартылған көмірсуы бар өнімдер. Бұл тағамдарды үнемі қолдану сіздің салмағыңызға ғана емес, ұйқыңыздың сапасына да әсер етеді. Оларға мысалы, макарон өнімдері, крекер, ақ нан, вафли, кәмпит пен тәтті шырындар жатады.
Екіншіден, ащы тағамдарды жеудің де қажеті жоқ. Егер түнде тыныш ұйықтағыңыз келсе, онда жатар алдында ащы тамақ ішпеңіз. Зерттеулер көрсеткендей, тұзды қоспалары бар өнімдер терең ұйқы кезеңін азайтады.

Ал қуырылған тағамның адам ағзасына пайдасы тіптен аз. Диетологтардың айтуынша, қуырылған тағамдар ұйқының ұзақтығын қысқартып, адам түнде жиі ояна беруі мүмкін.

Төртіншіден, шоколадта бір кесе кофеге қарағанда кофеин аз. Алайда оның өзі ұйқыны бұзу үшін жеткілікті.
Ұйықтар алдында алкоголь ішу — ұйқыңызды қандырып алуға көмектеспейді. Сол үшін ішпегеніңіз абзал.