Жаңа оқу жылы кеңесте талқыланды
Жаңа оқу жылы кеңесте талқыланды
237
оқылды

Қарағандыда тамыз конференциясы өтті. Балабақ­шалар мен бөбекжайларды, үйірмелер мен секцияларды қолжетімді ету, инклюзивті оқытуды дамыту – Қара­ғанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн ре­жимде өткен тамыз кеңесінде алдағы оқу жылына міндеттер қойды.

Өңір басшысы тоғыз негізгі бағытты атады

1-ден 6 жасқа дейінгі бала­лар­ды мектепке дейінгі тәрбие­мен қамтуды 84-тен 86,5%-ға де­йін ұлғайту қажет. Жеке инвес­тицияларды көбірек тарту осы көрсеткішке қол жеткізуге кө­мек­теседі. Білім беру қызметтерінің са­пасын арттыру үшін облыс әкімі жыл соңына дейін мектептер мен колледждердің қоғамдық рей­тингін енгізуді тапсырды. «Оқу мектебі» республикалық жобасы аясында 2022 жылдың соңына дейін барлық мектеп пен колледждің кітапхана қорларын жаңарту талап етіледі. Оқушыларды қосымша бі­лім­мен қамту 66,7-ден 86%-ға дейін ұлғайтылуы тиіс. Барлық колледжде WorldSkills стандарттары бойынша демонс­трациялық емтихандарды енгізу қажет. Дуальды оқытуда сту­дент­терді қамтуды кем дегенде 20%-ға көтеру жоспары қойылған. Жеңіс Қасымбек инклюзивті білім беруді, патронаттық тәр­биені, балалар мен жасөспірім­дерге психологиялық көмек көр­сетуді дамыту бойынша мін­деттер қойды. Облыста педагогтердің кә­сіби деңгейін арттыру бойынша жұ­мыстар жалғасады. Кадр тап­шы­лығы мәселесін шешу үшін қа­ла­лар мен аудандарда мұға­лімдерге қызметтік тұрғын үй беріледі. – Біз өткен оқу жылының қо­рытындысын шығарып, бо­лашаққа қойылған міндеттерді анықтадық. Оларды табысты іске асыру педагогикалық ұжымдар мен барлық мүдделі құрылымның күш-жігерін біріктірген кезде ғана мүмкін болады, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Жаңа мамандық ашылады

Қарағанды облысының кол­ледж­дерінде он жаңа мамандық ашылады. Бұл өңірдегі сұранысқа ие мамандардың тапшылығын жабуға мүмкіндік береді. Интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын енгі­зудің арқасында студенттер бір­ден-бір мамандықтың орнына бірнеше біліктілік алады. Кол­ледждерде еңбек нарығын тал­дауға негізделген SKILLS-ID бағдарламасы енгізіліп жатыр. Талап етілмеген мамандықтар саны қысқарады. Оның орнына жаңа, әлеуеттілері ашылады. Бұл туралы онлайн режимде өткен педагогтердің тамыз кеңе­сінде Қарағанды облысы Бі­лім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова айтып берді. – Соңғы үш жылда сұранысқа ие он мамандық ашылды, оның ішінде екі мамандық бойынша дайындық тек біздің облыста жүргізіледі – «Микроэлек­тро­ника және мобильді құрылғылар» және «Ақпараттық қауіпсіздік». Жаңа оқу жылында тағы да он мамандық ашамыз, – деді Гүлсім Қожахметова. – Бұл «Автожолдар мен әуеайлақтарды салу және пайдалану», «Цифрлы техника (түрлері бойынша)», «Ғимарат­тарды жобалау мен пайдалану­дың автоматтандырылған жү­йеле­рі», «Киім дизайны», «Өнер­кәсіптік өнім дизайны», «Ин­терь­ер ди­зайны», «Ақпараттық қауіпсіз­дік жүйелері», «Жаңар­тылатын энер­гетика», «Шиналар өнді­рісі», «Логистика».

«Жас маман» жобасы іске асады

15 колледжде жоғары білікті мамандарды даярлауға және жаңа сұранысқа ие маман­дық­тарды ашуға бағытталған «Жас маман» республикалық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында колледждер заманауи жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ өңірде жеті құзы­реттілік орталығы құрылды. Бо­лашақта олардың бірінің база­сында жаттығу лагері болады. Облыста барлығы 15 құзыреттілік орталығы бар. Келесі жылы осын­дай сегіз алаң ашу жоспар­ланған. – Дуальды оқытуды дамыту бо­йынша жұмыстар жалғасады. 360 кәсіпорынмен ынтымақ­тас­тық орнатылған. Биыл дуальды оқытумен қамтылған мамандық­тардың үлесі 50%-ды құрайды, – деп атап өтті спикер. – Жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге бағытталған Worldskills ха­лық­аралық қозғалысын дамыту бо­йынша жұмыс жалғасады. Биыл түлектердің қорытынды аттес­таттауы алғаш рет WorldSkills стандарттарын ескере отырып, кадрларды даярлау сапасын ба­ғалаудың жаңа құралы – демон­страциялық емтиханды қолдану арқылы өткізілді. Бұл форматтағы емтихан­дар­дан 13 колледж базасында 630 студент өтті. SkillsPassport алған түлектер жас мамандардың мәлі­меттер базасына енгізілді, оған қызметкерлерді іздеу және ірік­теу үшін жетекші кәсіпорын­дардың жұмыс берушілері қол жеткізе алады. Өңір колледждері халық­ара­лық компаниялармен де ын­ты­мақтастық орнатты. Ресейлік «Татнефть» компаниясымен бірлесіп Саран көпсалалы кол­леджінің базасында «Шиналар өндірісі» жаңа мамандығы «Пок­рышкаларды құрастырушы-қа­лыптаушы», «Автокамералық аг­ре­гат машинисі», «Престеуші-вулканизаторшы», «Техник-технолог» біліктілігі бойынша құрылады.

Әлеуметтік жауапкершілік: Қарағанды облысында өнеркәсіпшілер педагогтерге қолдау көрсетті

Қарағанды облысында «Қа­зақмыс» корпорациясы педагог­тердің біліктілігін арттыру курс­тарын қаржыландырды. Ком­панияның көмегімен педаго­ги­калық трансформация орталығы құрылады. «Қазақмыс» корпорация­сы­ның даму жөніндегі директоры Бақтияр Қырықпышев педагог­тердің тамыз айындағы онлайн конференциясына қатысты. Ол білім беру саласына әлеуметтік қолдау көрсетілетіні туралы айтты. Өткен оқу жылында компа­нияның бастамасымен Жезқаз­ған өңірі және Балқаш мектеп­терінің 1 332 мұғалімі «НЗМ» АҚ Педагогикалық шеберлік орта­лығында біліктілігін арттырды. Тағы 4 мыңға жуық педагог се­минарларда, вебинарларда және каникулдық мектепте оқыды. Со­нымен қатар Нұр-Сұлтанға білім туры ұйымдастырылды. – Біз «Ұстаз – Ұлытау» педа­гогикалық трансформация орта­лығы» жобасын бастаймыз. Оны жүзеге асыруға халықаралық са­рапшылар тартылды. Жобаның мақсаты – «Қазақмыс» қатыса­тын өңірлердегі мектептерде оқу­шының мүддесі мен оның кә­сіби келешегі үшін оқыту са­пасын арттыру. Сондай-ақ Сәт­баевта балаларға қосымша білім беру және ерте кәсіби бағдар беру үшін оқыту және жұмысқа орна­ластыру орталығын ашуды жос­парлап отырмыз, – деп Бахтияр Қырықпышев жаңа баста­мала­рын ұсынды.

Инклюзивті білім беру

Өткен оқу жылында Қараған­ды облысында ерекше балаларға қажетті жағдай жасаған мектеп­тер саны 343-тен 370-ке дейін өсті. Инклюзивті білім берумен қамту 73%-ды құрайды. Бұл тура­лы Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова айтып берді. – Психологиялық-педагоги­калық сүйемелдеу қызметіне пе­да­гог-ассистенттердің 59 штат­тық бірлігі енгізілді. Аутис­тік спектрдің және ментальды, мінез-құлықтық ауытқулары бар балалардың саны өсіп келе жат­қанын ескере отырып, соңғы екі жылда облыстың сегіз мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды, оның төртеуі «Бола­шақ» қайырымдылық қорымен бірлесіп іске қосылды, – деді Гүл­сім Қожахметова. – Инклю­зивті тәжірибе бойынша оқыту­дан өткен педагогтердің үлесі 32-ден 60%-ға өсті. Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 207 педагог қолданбалы мінез-құлық талда­уы бойынша оқудан өтеді. Бұл қосымша 500-ден астам баланы білім беру қызметтерімен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қыркүйек айынан бастап Теміртауда 60 орындық оңал­ту орталығы өз жұмысын бас­тайды. Жыл соңына дейін об­лыс орталығында тағы бір пси­хо­логиялық-медициналық-пе­да­гогикалық кеңес және Қара­ғанды мен Сәтбаев қалаларында екі түзету кабинетін ашу жоспар­ланған. – Алдағы жылы Шахтинск қаласында ПМПК және Қара­ған­дыда «Асыл мирас» қайырым­дылық қорымен аутизмі бар ба­лаларға арналған оңалту орта­лығын ашуды жоспарлап отыр­мыз. Осы жылы жұмыс істеп тұр­ған арнайы ұйымдар маман­дарының штаты 50 адамға ұлғай­тылды. Бұл мыңнан астам баланы оңалту көмегімен қосымша қам­туға мүмкіндік береді, – деді Гүлсім Қожахметова. Сонымен қатар өңірде «Ма­ла­хит» интерактивті платфор­масы енгізіліп жатыр, ол арнайы білім беру ұйымдарына құжат­тарды қабылдау, балалардың тексеруден өтуі және кейіннен оңалтумен консультативтік кө­мек алу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Ә.БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы