Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театры Нұр-Сұлтан қаласындағы Astana Opera сахнасында 26 және 27 тамыз күндері гастрольдік сапар ұйымдастырады.
Абай атындағы ҚазҰАОБТ – қазақ халқының рухани нышаны, оның тарихы ұлттық опера және балет өнерінің туындауымен, дамуымен және өркендеуімен тікелей байланысты. Театрдың үлкен сахнасында Қазақстандағы жоғары мәдениет пен шеберліктің іргетасын қалаған, әлемдік атаққа ие болған 300-ден астам туынды қойылды, олар тұңғыш қазақ опера және балеттері, орыс және еуропа классикасының жауһарлары еді.
Гастрольдік бағдарламаға алматылық, сондай-ақ талғампаз еуропалық көрермендердің көңілінен шыққан спектакльдер енді. Елорда тұрғындары мен қонақтары ұлы композиторлардың әуенімен спектакльдердің классикалық оқылуы мен жаңашыл көркемдік шешімдерді пайдалана отырып, революциялық классика-модерн кезеңдеріне саяхат жасайды.
26 тамыз күнгі гастроль итальяндық режиссер, сценограф, костюмдер бойынша дизайнер Маттео Маццонидің қойылымындағы Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсымен ашылады. Жаңа қойылым итальяндық атмосфера мен стильді қайта өңдеудің талғампаз мәні бар күрделі сценографиялық сюжетті құрайтын көптеген арнайы эффекттер мен «уақыттан уақытқа ауысатын» қозғалыстарды қамтиды. Көрермендерді тамсандыру үшін, театр тарихында алғаш рет бутафорлық шешіммен сахнада нағыз үлкен жекежай салынды. Басты кейіпкер ХХ ғасырдың 50-ші жылдарын жеткізу үшін арнайы іздеп табылған VESPA мопедінде сахнаға шығады.
27 тамыз күні көпшілікке Ф.Шопеннің «Шопениана», И.С. Бахтың «Бах шығармашылығын тану» және М.Равельдің «Болеро» үшактілі балеттері ұсынылады.
Фридерик Шопеннің музыкасына қойылған «Шопениана» - романтикалық балет классикасы. Сюжетсіз спектакль – бұл арман мен шындық арасындағы мәңгілік қақтығыстар мен идеалдықтың жетіспеушілігі бар романтизм дәуіріне еліктеп жасалынған жұмыс.
Балетмейстер Гүлжан Түткібаева пластикалық образдардың тілімен Шопеннің музыкасына тән бейнелерді жеткізді. «Шопениана» балеттер премьерасын ашады. Бұл классикалық қойылым балет артистерінің «па» би қадамдарының, жаңа костюмдер мен декорациялардың өзгерісінен тұрады.
Неоклассикалық «Бах шығармашылығын тану» балеті – классицизмнің дерексіз деконструкциясы. Бахтың музыкасы бұлжымас біріктіруші классикалық элемент, бірақ бидің ерекше және күтпеген хореографиялық тілі бұл тамырлардың бұзылуына сілтеме жасайды. Бірінші ноталарынан бастап-ақ концерт музыканың сұлулығымен баурап алып, тыңдармандарды ішкі әлем кеңістігіне жетелейді.
Испан елінің ерекше өнерін жақсы білетін Морис Равель, «Болеро» бірегей шығармасын жазуды қолға алады. Оған танымал биші, орыс балетінің солисі Ида Рубинштейн зор ықпал етеді. Балетмейстер Рикардо Амарантеның қойылымындағы «Болеро» әйелзаттың мінсіз сұлулығы мен сезімталдығын жырлайды. Классикалық модернді сахнада болып жатқан әр көріністен байқауға болады – бишілердің қозғалысы, декорация мен жарықтың түсуі көрерменнің көңіл-күйін өзгертеді. Музыка, әрине, көріністің әсерін күшейтеді.
Гастрольдер «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Мәдениет және спорт министрінің қолдауымен өтеді.