Жұмыс сапарымен Мәскеуге барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді.
Күн тәртібінде Ауғанстандағы жағдайға қатысты өңірлік қауіпсіздік, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық және интеграциялық байланыстар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы Ресей Президентіне Мәскеуге шақырғаны үшін алғыс білдірді.
– Шын мәнінде, біздің байланыстарымыз ешқашан тоқтаған жоқ. Пандемия кезінде де онлайн жүйесінде және телефон арқылы байланысып тұрдық. Дегенмен, жүз рет естігеннен бір рет көрген жақсы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы барлық бағыттағы өзара ынтымақтастыққа жоғары баға берді.