Музейге Абайдың жарғысы қойылды
Музейге Абайдың жарғысы қойылды
350
оқылды

Конституция күні қар­саңында Семей қаласын­дағы музейде Абайдың 1885 жылы жазылған Қара­мола жарғысы көптің назарына ұсынылды.

Заңдар жинағы 2018 жылы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мем­лекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық му­зей-қорығы қызметкерлерінің Қазан қаласына жасаған сапары барысында табылған. Кодекс 1885 жылы Қарамола елді мекеніндегі съезде, Абай жо­ғарғы би болып сайланғанда қабылданған. Содан кейін Семей әскери губернаторының бұйрығымен құжат Қазан уни­верситетінің баспасында араб әліпбиімен басылады. Қарамола жарғысы – адам құқығы мен бос­­тандығын қорғау туралы ере­же­лер жинағы. «1885 жылы Қарамола елді мекенінде билердің съезді өтті. Сол съезде Абай жоғарғы би бо­лып сайланды. Ресей үкіметінің жергілікті өкілдері хакімнен заң­дар жинағын жазып беруді өтінген. Үш күн ішінде билермен кеңесе отырып, Абай осы жар­ғыны шығарды», – дейді Абай атындағы музей директоры Мей­рамгүл Қайрамбаева. Бұрын Қазақстанда осы жар­ғы­ның тек кирил қарпімен жа­зыл­ған нұсқасы ғана болған. Ол Семейдегі музейде 60-жыл­дар­дан бастап сақталып тұр. «Құжаттың түпнұсқасы бол­маған. Енді зерттеушілер кирил қарпімен машинкамен жазылған көшірмесін түпнұсқамен салыс­тыра алатын болады. Сонымен қатар бірқатар мәселелерге нүк­те қойылады. Себебі бұған дейін кейбір тараулар бойынша дау-дамайлар туындаған еді. Кирилл қарпіне аударғанда да қателіктер кетуі мүмкін. Зерттеушілер үшін бұл өте үлкен олжа. Конституция күніне орай осы заңдар жинағын келушілерге көрсетуді маңызды деп санаймыз», – деді музей ди­рек­торы.

А.АЙДАРҚЫЗЫ