Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады.
Бұған дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету мәселесіне қатысты сауалға жауап берген болатын.