Жамбылдың жарылыс болған жерінде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланады
Жамбылдың жарылыс болған жерінде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланады
© azattyq-ruhy.kz
328
оқылды
НҚА сайтында Жамбыл облысы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы»  шешімінің жобасы жарияланды. Мәтінде ол туралы былай көрсетілген: 1. Жамбыл облысының Байзақ ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. 2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын. Жоба 13 қыркүйекке дейін талқыланады. 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болды. Салдарынан 15 адам қаза тапты.