Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 114 адам қайтыс болды
Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 114 адам қайтыс болды
Фото: adilettv.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бір тәулікте коронавирустан – 93, пневмониядан 21 адам қайтыс болды.

Пневмония бір тәулікте 460 адамнан анықталды. Аурудан 167 адам емделіп шықты. Былтыр 13 наурыздан бастап барлығы 70 250 адам ауырған. 4485-і қайтыс болды. Жазылып шыққандардың саны 58 626-ға жетті.