Полицейлер аялдаманы қиратқан қызды ұстады
Полицейлер аялдаманы қиратқан қызды ұстады
Фото: polisia.kz
160
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, кеше таңғы сағат 5-тер шамасында полицияға қала тұрғыны шағымданған. Белгісіз адамдар Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жанындағы аялдаманы сындырғанын хабарлаған.

Шақырту бойынша келген полицейлер оқиға орнында 20 жастағы екі қала тұрғынын ұстады. Олар масаң күйде болған.

Петропавл қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин: «Аталған факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша материал жиналды. Материал сотқа жіберіледі, – деді.

Бұған дейін ауладағы орындықты сындырғандар туралы жазған болатынбыз.