АҚШ-тың Ғарыш кеңістігін зерттеу және аэронавтика жөніндегі ұлттық басқарма ұшатын таксилерді сынақтан өткізе бастады, — деп хабарлайды NASA.
Joby әуе таксиін Advanced Air Mobility (ААМ) ұлттық компаниясы жасап шығарған. Ол екі ұшақ пен төрт жолаушыға арналған. Сағатына 320 шақырым жылдамдықпен қозғалып, бір қуатпен 240 шақырымға дейін ұша алады. AMM 2023-2024 жылдары Joby таксиін белсенді түрде іске қоспақ.
Әуе таксиін жасап шыққандар оның шуылы кәдімгі тікұшаққа қарағанда 100 есеге аз екенін айтады.
Сынақ кезінде ең алдымен әуе таксиінің қауіпсіздігі тексеріліп жатыр.